ОНЛАЙН-СЕРВИС ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Учаскелерде дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылған. Егер референдум учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелген азамат қатысушылар тізімінен өз аты-жөнін таппаған жағдайда, учаскелік референдум комиссиясына жазбаша өтініш бере алады. Өтініш беру кезінде азамат дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін білдіреді.
Осыдан кейін учаскелік референдум комиссиясының мүшесі азаматтың тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді арнайы онлайн-сервис арқылы тексереді. Тексеру нәтижесінде азамат заң талаптарына сәйкес тізімге енгізіледі.
Бұл шаралар әрбір азаматтың дауыс беру құқығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.