Аса ауылындағы Мәдениет үйі алаңында орналасқан №167 референдум учаскесінде ерекше мерекелік атмосфера қалыптасқан. Мұнда тұрғындарға ұлттық өнерді насихаттап, көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында «Аса сазы» халықтық ансамблі өнер көрсетуде.
Ансамбльдің әсем әуендері мен ұлттық нақыштағы шығармалары келген азаматтарға жақсы әсер қалдырып, референдум күніне ерекше сән беруде.
Мұндай шаралар елдік маңызы бар күнді жоғары деңгейде өткізуге және тұрғындардың белсенділігін арттыруға ықпал етуде.