Өрнек ауылында референдум учаскесі қарқынды жұмыс істеуде

 

Өрнек ауылындағы №177 референдум учаскесі таңғы 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Дауыс беру процесі белгіленген тәртіпке сай ұйымдастырылып, учаскеде жұмыс қауырт жүріп жатыр.

Тұрғындар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауға келуде. Азаматтардың жауапкершілігі мен белсенді қатысуы референдумның жоғары деңгейде өтуіне ықпал етуде.

Учаскеде дауыс беру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.