Жамбыл ауылдық округінде белсенділік жоғары

 

Жамбыл ауылдық округінде жалпы 1 271 дауыс беруші тіркелген. Оның ішінде 900-і Шәкен Ниязбеков елді мекенінің, 371-і Қапал ауылының тұрғындары.

Бүгін 11 жас алғаш рет өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті. Жалпы ауыл тұрғындары таң сәріден бастап белсенділік танытып, референдумға қатысуда.

Сонымен қатар референдум учаскелері аумағында тұрғындарға бауырсақ таратылып, мерекелік көңіл күй қалыптасуда.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.