Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты Шайдана ауылының тумасы Оршыбеков Сакен №176 сайлау учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауын жасап, дауыс берді. Ол бұл күннің ел өміріндегі маңызын ерекше атап өтіп, әрбір азаматтың мемлекет тағдырына қатысты маңызды сәттерде белсенділік танытуы – ортақ болашаққа деген жауапкершіліктің айқын көрінісі екенін жеткізді.
Ауыл азаматының айтуынша, елдің ертеңі мен келешек ұрпақтың жарқын болашағы әрқайсымыздың бүгінгі таңдауымызға тікелей байланысты. Сондықтан да ол азаматтық борышын адал атқарып, ел болашағына бейжай қарамай, дауыс беру учаскесіне келуді өз міндеті деп санайтынын айтты.
Осындай игі қадамдар қоғамдағы азаматтық белсенділіктің артып келе жатқанын көрсетеді. Шайдана ауылының тұрғындары да маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, бірлік пен жауапкершілік танытып, өз таңдауларын жасауға келіп жатыр. Бұл – ел болашағына деген сенім мен ортақ мақсат жолындағы ынтымақтың көрінісі.