Аудандық білім бөлімінің басшысы Қуаныш Бақытұлы бүгін референдумға келіп, өз дауысын берді.
«Әрбір дауыс – ел тағдырына тікелей әсер ететін маңызды шешім. Кемел келешекке бастар жол бүгін жасалған дұрыс таңдау арқылы анықталады. Сондықтан еліміздің жарқын болашағы үшін мен де өз таңдауымды жасап, азаматтық борышымды орындадым», – деді Қуаныш Бақытұлы.