Бүгін Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев әкімдіктің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалді 60-тан аса азаматқа табыстап, құрмет көрсетті.
Егемендіктен асқан құндылық жоқ екенін, оны қадірлеу барша азаматтың негізгі міндеті екенін атап өтті өңір басшысы Сәкен Қаланұлы.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі