Жалпы 13 ауылдық округ аумағында 35ақпарттандыру тақтасы орнатылған.
Ақпарат үшін:
Ақпараттандыру тақталары мектептердің алдында – 15, мәдениет үйлерінің алдында – 8, жекетұрғын үйлердің алдында – 6, ауылдық кітапханалардың алдында – 3, жастар орталығының алдында – 1, әкімдік ғимаратының алдында – 1, медициналық пунктың алдында – 1.
Аудан аумағында референдум өткізу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін 28 кездесу орындары бекітілген. Олардың 23-і мектептерде, 5-і мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарда.
Жалпы аудан аумағында билборд орналастыратын 70тұғырлық бар.
Бүгінгі таңда референдумға арналған күнтізбелік 31 баннер(аумақтық сайлау комиссиясы тарапынан 22 баннер дайындалған), облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы тарапынан ұсынылған эскиздер бойынша 24 баннер (1 толқын – 17, 2 толқын — 7) елді мекендерге орнатылды.
Республикалық референдум өткізу және ұйымдастыру жөнінде аудандық жедел штаб құрылып, құрамында 34адам бекітілді (аудандық мәслихат, аудандық сот, аудандық прокуратура, полиция бөлімі және т.б.).
Сонымен қатар әр референдум учаскесіне бөлім, мекеме басшылары және аппарат қызметкерлерімен 24 жаупты тұлғалар бекітілді.