Референдумды ұйымдастыру: ақпараттандыру және қауіпсіздік шаралар

Аудан аумағындағы 280 көше, 9384 аулаға ауылдық округтерден жауапты 372 адам бекітілді.

Бүгінде референдумды түсіндіру, қолдау және ақпараттандыру мақсатында ауданда 20 адамнан тұратын «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Ұлттық Коалицияның Жамбыл аудандық штабы құрылды (халықтық штаб). Штабтың құрамына ауданның зиялы қауым, ардагерлер кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері және жастар ұйымдарының көшбасшылары енгізілген.

Жамбыл ауданына қарасты 24референдум учаскелеріне бекітілген тәуелсіз бақылаушылар саны — 96адамды құрайды. Оның 48-і «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы қоғамдық бірлестігінен, 48-і «АМАНАТ» партиясы Жамбыл аудандық филиалы тарапынан.  Тәуелсіз бақылаушылар капитаны Мұрат Асылхан Байкенұлы – «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы (Геккон қоғамдық бірлестігі)

Рефендумды насихаттау жұмыстарына 20 волонтерлар жұмылдырылады.

Аудан бойынша 1 Колл центр іске қосылып, жауапты қызметкер бекітілді (Сәдір Нұрсейіт Әсетұлы – Жамбыл ауданы әкімі аппартының ұйымдастыру-инпекторлық бөлімшесіндегі аудан әкімінің бас инспекторы – 8(72633)2-18-93).

Leave A Reply

Your email address will not be published.