Жамбыл ауданы 13 ауылдық округтен, 31 елді мекеннен құралған.
Ауданда жалпы халық саны – 51 286адам. Оның ішінде сайлаушылар саны – 31 217 адамды құрап отыр (60,8%)(22.02.2026 жылғы жағдай бойынша).
Ақпарат үшін:
Оның ішінде: қазақтар – 24 974 (80 %), күрділер – 3434 (11%), орыстар – 780 (2,5%), түріктер — 436 (1,4%), басқалары – 1593 (5,1%).
Ерлер – 16 233 (52%), әйелдер – 14 984 (48%)
Жастардың саны – 12 733 (40,7%) құрайды.
Аудандағы 24 референдум учаскесінің12-і орта мектепте, 10-ымәдениет үйлері мен клубтарда, 1-іЖастар ресурстық орталығы ғимаратында және 1-і ауылдық кітапханада орналасқан.
Сонымен қатар ауданда 25 референдумкомиссиясы қызмет атқарады. Оныі ішінде:
1 аудандық аумақтық референдумкомиссиясы және 24 учаскелік референдум комиссиялары.Онда 167 комиссия мүшесі бар (7-і аумақтық, 160-ы учаскелік).
Сервистік орталықпен қамтылған референдум учаскелерінің саны – 14(сайлаушылар саны 1000 асатын учаскелер: №148, №149, №150, №155, №159, №160, №164, №166, №167, №168, №172, №176, №177 №471).
Сайлаушылар саны бойынша: 1000 адамға дейін – 10 референдум учаскесі, 2000 адамға дейін – 8референдум учаскесі; 2500 адамға дейін – 3 референдум учаскесі; 3000 адамға дейін — 3 референдум учаскесі.
Сервистік орталықта қамтылған сайлаушылар саны – 25 551 немесе(81,8%).
Жалпы 13 ауылдық округ аумағында 35ақпарттандыру тақтасы орнатылған.
Ақпарат үшін:
Ақпараттандыру тақталары мектептердің алдында – 15, мәдениет үйлерінің алдында – 8, жекетұрғын үйлердің алдында – 6, ауылдық кітапханалардың алдында – 3, жастар орталығының алдында – 1, әкімдік ғимаратының алдында – 1, медициналық пунктың алдында – 1.
Аудан аумағында референдум өткізу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін 28 кездесу орындары бекітілген. Олардың 23-і мектептерде, 5-і мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарда.
Жалпы аудан аумағында билборд орналастыратын 70тұғырлық бар.
Бүгінгі таңда референдумға арналған күнтізбелік 31 баннер(аумақтық сайлау комиссиясы тарапынан 22 баннер дайындалған), облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы тарапынан ұсынылған эскиздер бойынша 24 баннер (1 толқын – 17, 2 толқын — 7) елді мекендерге орнатылды.
Республикалық референдум өткізу және ұйымдастыру жөнінде аудандық жедел штаб құрылып, құрамында 34адам бекітілді (аудандық мәслихат, аудандық сот, аудандық прокуратура, полиция бөлімі және т.б.).
Сонымен қатар әр референдум учаскесіне бөлім, мекеме басшылары және аппарат қызметкерлерімен 24 жаупты тұлғалар бекітілді.
Аудан аумағындағы 280 көше, 9384 аулаға ауылдық округтерден жауапты 372 адам бекітілді.
Бүгінде референдумды түсіндіру, қолдау және ақпараттандыру мақсатында ауданда 20 адамнан тұратын «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Ұлттық Коалицияның Жамбыл аудандық штабы құрылды (халықтық штаб). Штабтың құрамына ауданның зиялы қауым, ардагерлер кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері және жастар ұйымдарының көшбасшылары енгізілген.
Жамбыл ауданына қарасты 24референдум учаскелеріне бекітілген тәуелсіз бақылаушылар саны — 96адамды құрайды. Оның 48-і «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы қоғамдық бірлестігінен, 48-і «АМАНАТ» партиясы Жамбыл аудандық филиалы тарапынан. Тәуелсіз бақылаушылар капитаны Мұрат Асылхан Байкенұлы – «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы (Геккон қоғамдық бірлестігі)
Рефендумды насихаттау жұмыстарына 20 волонтерлар жұмылдырылады.
Аудан бойынша 1 Колл центр іске қосылып, жауапты қызметкер бекітілді (Сәдір Нұрсейіт Әсетұлы – Жамбыл ауданы әкімі аппартының ұйымдастыру-инпекторлық бөлімшесіндегі аудан әкімінің бас инспекторы – 8(72633)2-18-93).
САЙЛАУШЫЛАР ДЕРЕКТЕРІН ӨЗЕКТЕНДІРУ ТУРАЛЫ
ҚР Орталық сайлау комиссиясының сайлаушыларды өзектендіру жұмыстарының алгоритіміне сәйкес жұмыстар атқарылды.
Басқа өңірлерде дауыс берушілер бойынша (Аудан тізімінен алынып тасталғандар):
Бүгінгі таңға, республиканың басқа өңірлерінен (Ақмола обл. – 16, Абай обл. – 1, Алматы обл. – 24, Қарағанды обл. – 43, Қызылорда обл. – 4, Қостанай обл. – 6,Павлодар обл. – 5, Маңғыстау обл. – 10, Түркістан обл. – 5, Жетісу обл. – 1, Шығыс Қазақстан обл. – 1, Астана қ. – 86, Алматық. – 116, Шымкент қ. – 4) келіп түскен ұсыныстарға сәйкес аудандық сайлаушылар тізімінен 323 азамат шығарылды (оның ішінде студенттер-270, әскерилер-33 вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар-20).
Басқа өңірден келіп дауыс берушілер бойынша (Аудан тізіміне қосылғандар):
Аудан аумағында орналасқан 5 әскери бөлімдерде (Жасөркен, Бесағаш, Шөлдала әсери бөлімдері, «Айшабибі» шекаралық бақылау – өткізу бекеті және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету тобының бөлімі) өзге өңірлерден әскери борышын өтеуге келген азаматтар ішінен 97 сайлаушы бар. Басқа өңірлерден – 52 сайлаушы (Түркістан обл. – 23, Шымкент қаласы – 21, Ақмола обл. – 5, Қызылорда обл. – 3), Жамбыл облысының өңірлерінен – 45сайлаушы (Қордай ауданы – 16, Шу ауданы – 15, Байзақ – 4, Тараз қ. – 3, Меркі ауданы – 3, Мойынқұм ауданы – 2, Жуалы ауданы – 1, Т.Рысқұлов ауданы – 1).
Әскери қызметкерлер №148, №155, №471 референдум учаскелеріне дауыс береді.
Аудан аумағында студенттер және вахталық әдіспен келіп жұмыс жасайтындар жоқ.