Шалғай елдімекендерді тасымалдау жұмыстары бойынша.
Тасымалдау жұмыстары 9 ауылдық, 15 елді мекенге жүргізіледі. Тасымалданатын дауыс берушілер саны – 2783, тасымалдайтын көлік саны – 35.
Ауылдық округ әкімдеріне тасымалдаушы көліктер санын арттыру тапсырмасы енгізілді.
Ерекше жағдайлардағы сайлаушыларға қолайлы орта қалыптастыру.
Аудан аумағында ерекше жағдайлардағы сайлаушыларға, оның ішінде кресло арбаларды пайдаланатын сайлаушылар, көру қабілеті бұзылған сайлаушылар, және есту қабілеті бұзылған сайлаушыларға жағдайлар жасалған.
Атап айтқанда сайлау процесі кезінде 2 инватакси, 7 сурдо аудармашылар сайлаушыларға қызмет етеді.
Одан бөлек ауылдық округ тарапынан ерекше жағдайлардағы сайлаушыларға және шалғай елді мекендегі сайлаушыларға тасымалдау қызметі үйлестіріледі.
Ақпарат үшін:
Аудан аумағындағңы ерекше жағдайлардағы сайлаушылар сны – 134, оның ішінде:
кресло арбаларды пайдаланатын сайлаушылар – 63;
көру қабілеті бұзылған сайлаушылар – 42;
есту қабілеті бұзылған сайлаушылар – 29 .
Мүгедектігі бар инватакси қызметін пайдаланатын адамдар үшін 2026 жылы «Мейірім мекені» мүгедектер қоғамдық бірлестігі қызмет көрсетуде. Қаражат сомасы 7 млн 635 мың теңге, қамтылатын мүгедектігі бар адам саны-20.