Аудан аумағында орналасқан барлық 24 сайлау учаскелерінің ғимараттары пандустармен, мүгедектігі бар азаматтарға арналған кабиналармен, кіреберістегі және учаскедегі тактильді көрсеткіштермен және қажетті құрал жабдықтармен жарақтандырылған.
Жамбыл ауданының сайлау учаскелерін тиісті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы 4 млн 792 мың теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу арқылы 35 дана ҚР Мемлекеттік Ту(шарт құны 466,4 мың теңге), 35 дана ҚР Мемлекеттік Елтаңба (шарт құны 627,4 мың теңге), 35 дана Ту тұғыры (шарт құны 705 мың теңге), 35 дана маңдайшалар (шарт құны 56,1 мың теңге), 47 дана сайлау жәшіктері (17-тұрақты, 30-жылжымалы) (шарт құны 1 244,3 мың теңге) және 41 ақпараттық тақталар (жылжымалы) (шарт құны 965,8 мың теңге) алынды.
Жоғарыда тоқталып өткендей, Тараз қаласының құрамына қосылған сайлау учаскелеріне тиісті жабдықтары бірге табысталды.
Анықтама үшін:
35 дана ҚР Мемлекеттік Туы – 416 500 тг, мердігер – ТОО «Samruk Tekstil»;
35 дана Ту тұғыры – 705 040 тг, мердігер – ИП ДАУРБЕКОВ;
35 дана ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы – 560 210 тг, мердігер – ТОО «Samruk Tekstil»;
35 дана маңдайша – 56 183 тг, мердігер – ИП «АНУАР»;
41 дана ақпараттық тақталар – 965 800 тг, мердігер – ИП Алтай;
47 дана сайлау жәшіктері – 1 244 300 тг, мердігер – ТОО «ATS Энергострой».
Аудан аумағында орналасқан және Тараз қаласының құрамына қосылған 35сайлау учаскесіне 112 жасырын дауыс беруге арналған кабиналарды заманауи талаптарға сәйкес, жиналмалы темір материалдардан жасату бойынша 11 млн 485 мың теңге қаражатбөлініп, дауыс беруге арналған кабиналар толықтай қамтамасыз етілді (бүгінгі күніЖамбыл ауданында 71 кабина бар)