Аудан аумағында ерекше жағдайлардағы сайлаушыларға, оның ішінде кресло арбаларды пайдаланатын сайлаушылар, көру қабілеті бұзылған сайлаушылар, және есту қабілеті бұзылған сайлаушыларға жағдайлар жасалған.
Атап айтқанда сайлау процесі кезінде 2 инватакси, 7 сурдо аудармашылар сайлаушыларға қызмет етеді.
Одан бөлек ауылдық округ тарапынан ерекше жағдайлардағы сайлаушыларға және шалғай елді мекендегі сайлаушыларға тасымалдау қызметі үйлестіріледі.
Ақпарат үшін:
Аудан аумағындағңы ерекше жағдайлардағы сайлаушылар сны – 134, оның ішінде:
кресло арбаларды пайдаланатын сайлаушылар – 63;
көру қабілеті бұзылған сайлаушылар – 42;
есту қабілеті бұзылған сайлаушылар – 29 .
Мүгедектігі бар инватакси қызметін пайдаланатын адамдар үшін 2026 жылы «Мейірім мекені» мүгедектер қоғамдық бірлестігі қызмет көрсетуде. Қаражат сомасы 7 млн 635 мың теңге, қамтылатын мүгедектігі бар адам саны-20.