Бүгін аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығында» аудан әкімі Сәкен Арубаевтың @saken.kalanuly қатысуымен «Тәуелсіздік-тұғырым» атты аудан жастарымен кездесу кеші ұйымдастырылды.
Басқосуға тәуелсіздік құрдастары, белсенді жастар қатысып, өңір басшысы Сәкен Қаланұлымен еркін форматта әңгімелесті.
Аудан басшысы жастардың ой-өрісінің дамуы, ізденістерге ұмтылуы жаңашылдық әкелетінін тілге тиек етті. Олардың ұсыныс-пікірлерін назарға алып, сұрақтарына жауап берді.
Басқосудың соңында белсенді жастарға Алғыс хаттар, сыйлықтар табыс етілді.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов қатысып отырды.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі