Жалған ақпарат

🔈 2026 жылы генеративті контент технологиялық эксперименттер санатынан біржола шығып, құқықтық реттеу нысанына айналды.

Егер бұрын нейрожелі көмегімен жасалған кескіндер мен бейнелер зиянсыз цифрлық құрал ретінде қабылданса, бүгінде олар ақпараттық қауіп-қатер факторы ретінде қарастырылады.

Қазақстанда да ЖИ саласы енді «реттелмейтін аймақ» емес. Керісінше, оны қолдану салдары, ең алдымен, аудиторияны адастыру қаупі тұрғысынан қарастырылады.

2026 жылдың 17 наурызында Семей қаласының тұрғыны нейрожелі жасаған фотосуретті таратқаны үшін жауапқа тартылды. Генерацияланған кескін төтенше жағдай туралы шынайы хабарлама ретінде ұсынылып, әлеуметтік желілерде дүрбелең тудырған. Нәтижесінде — ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабы (жалған ақпарат тарату) бойынша хаттама толтырылды.

‼️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы медиа өкілдері мен цифрлық контент жасаушыларға заңнама талаптарын қатаң сақтауды, соның ішінде ЖИ-контентті міндетті түрде таңбалауды және жалған ақпараттың таралуына жол бермеуді ескертеді.

Азаматтарға таратылатын материалдарға сын көзбен қарап, дереккөздерін тексеріп, олардың дұрыстығына көз жеткізбей, әрі қарай таратпауға кеңес беріледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.