Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауданында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылыс алаңына капсула салу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Салтанатты іс-шараға «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге, сондай-ақ TotalEnergies корпорациясының жаңартылатын энергия көздері бағыты бойынша вице-президенті Оливье Жуни бейнебайланыс режимінде қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Өз кезегінде аймақ басшысы Мойынқұм ауданында жүзеге асырылатын жел паркі өңірдің экономикалық әлеуетін арттырып, ел энергетикасының дамуына серпін беретінін атап өтті.