ЖАҢАРУ КҮНІ: АУДАНДА КЕҢ КӨЛЕМДІ ТАЛ ЕГУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

🔹Бүгін 19 наурыз – Жаңару күніне орай ауданда ауқымды тал егу акциясы ұйымдастырылды. Көктемгі игі бастамаға аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Бахыт Сырлыбаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Рүстем Бегалиев, мәслихат төрағасы Мұхтар Шайдаев, аудандық «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы Талап Әбдібеков, билер кеңесінің төрағасы Батырбек Саршаев және мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, табиғатты түлетуге өз үлестерін қосты.

🔹Іс-шара барлық ауылдық округте өтті. Соның ауқымдысы Аса және Тоғызтарау ауылдарында ұйымдастырылды. Аса ауылы Мәдени-демалыс кешені аумағында 80 дана сәндік тал отырғызылса, Тоғызтарау ауылында 1660 түп қарағаш егілді. Бірлікпен атқарылған жұмыс барысында қатысушылар туған жердің көркеюіне ерекше көңіл бөлді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.