🔹 Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты амнистия жүргізуге бастамашылық жасады. Бұл шара азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін жекелеген қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларға қатысты қолданылады.

Ел тарихында алғаш рет әкімшілік амнистия өткізу қарастырылып отыр. Оның аясында жеке тұлғалардың орындалмаған әкімшілік айыппұлдарын толық немесе ішінара есептен шығару мәселесі қаралады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.