Наурыз – жаңару мен бірліктің мерекесі

Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мейрамы баршаңызды жаңа үміт пен жарқын бастамаларға жетелейтін ерекше мереке! Бұл – табиғаттың түлеп, тіршіліктің жаңарып, адамзаттың жүрегіне жылулық ұялататын қасиетті күн.

Құрметті ағайын!

Көктемнің шуағымен бірге келетін әз-Наурыз – татулық пен бірліктің, мейірім мен ізгіліктің мейрамы. Осы айтулы күні халқымыз бір-біріне ақ тілегін арнап, өкпе-ренішін ұмытып, жаңа өмірге қадам басады. Бұл – ата-бабадан келе жатқан асыл дәстүрдің айқын көрінісі.

«Барбанг» күрд этномәдени бірлестігі еліміздегі ұлтаралық татулық пен келісімді нығайтуға өз үлесін қосып келеді. Біз үшін Наурыз – тек көктем мерекесі ғана емес, ол – достықтың, өзара құрметтің және ортақ құндылықтардың символы.

Осы жарқын мереке қарсаңында баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа бақ-береке, денсаулық, амандық тілеймін. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен келісім салтанат құрсын!

Ізгі тілекпен,
Ахметов Ахму Вали-ұлы
«Барбанг» күрд этномәдени бірлестігінің жетекшісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.