Бірлік бар жерде – тірлік бар

Гродеково ауылында «Барбанг» күрд этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бірлік бар жерде» тақырыбында мақал-мәтелдер сайысы өтті.

Тағылымды шараға Гродеково орта мектебінің оқушылары қатысып, халық даналығы арқылы өздерінің ой ұшқырлығын, тіл байлығын және тапқырлығын көрсетті.

Аудандық Мәдениет үйінде өткен бұл байқау жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды қадірлеуге, бірлік пен татулықты дәріптеуге бағытталды.
Сайыс барысында қатысушылар мақал-мәтелдердің мән-мағынасын терең түсініп, оларды орынды қолдана білді.

Шара қорытындысы бойынша үздік деп танылған оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.