Ербол Қарашөкеев «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС басқарма төрағасымен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ның басқарма төрағасы Александр Бабичевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды.

Өңір басшысы Жамбыл облысында цифрлық саланы дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанынна назар аударды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша байланыс саласындағы нақты көлем индексі 110,1 пайызды құрады, бұл республикалық көрсеткіштен (103,6%) жоғары. Салаға салынған инвестициялар көлемі 12,7 млрд теңге.

Аймақта цифрлық инфрақұрылымды кеңейту аясында жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. Ауылдық елді мекендерді оптикалық-талшықты байланыспен қамтамасыз ету, сондай-ақ 4G стандарты бойынша мобильді интернеттің қамтылуын кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.