ТМРК: тарифтік саясат теңдестірілген және әлеуметтік бағдарланған болады

2026 жылғы 26 наурызда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті мораторий аяқталғаннан кейінгі тарифтік саясат мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға сарапшылар қауымдастығының, қоғам және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Талқылау барысында жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, сондай-ақ газбен жабдықтау салаларындағы тарифтік реттеудің негізгі бағыттары қаралды.

Үкімет қабылдаған шаралар кешені азаматтардың табысын қорғауға және инфляцияны ұстап тұруға бағытталғаны атап өтілді. 2026 жылғы наурыз айының соңына дейін коммуналдық тарифтерді көтеруге енгізілген мораторий осы кезеңде тұтынушыларға түсетін тарифтік жүктеменің өсуін толық болдырмауға және үй шаруашылықтарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Талқылау қорытындысы бойынша бірыңғай тәсіл айқындалды: мораторий аяқталғаннан кейін тарифтік саясат кезең-кезеңімен және теңгерімді түрде жүзеге асырылады. Бұл ретте халыққа түсетін қаржылық жүктеме минималды деңгейде сақталады, ал қабылданатын шешімдер мәселенің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып қабылданады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.