Көктеммен бірге тазалық айлығы да басталды. Бүгін аудандағы барлық мекеме-ұйымдарда, кәсіпорындарда сенбілік жұмыстары жүргізілді. Мекеме-ұйым қызметкерлері өз ауласын, ғимаратының айналасын тазалап, қоқыстан арылтты. Ағаштарды бұтап, талдарды әктеп, шөптерді шапты. Осылайша, санитарлық тазалық айлығына үн қосып, ортақ іске атсалысып, өзіндік үлесін қосты.
Бұл сенбілік аудандағы мекеме-ұйымдардың ажарын аша түсіп, өңірдің келбетіне көрік берді.
