Көктемгі санитарлық тазалықтың екі айлығы аясында бүгін ауданға қарасты барлық ауылдық округте сенбілік өтті. Оған жергілікті мекеме-ұйым қызметкерлері мен жастар қатысты. Олар өздеріне берілген аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізді. Саябақ, скверлердің айналасын, арық-атыздарды қоқыстан арылтты. Ағаштарды бұтап, талдарды әктеп, шөптерді шапты. Ауыл тұрғындары да ортақ істен тыс қалмады. Өздерінің ауласы мен есік алдын тазалап, игілікті іске үн қосты.
«Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген осы. Ауылдағы ағайын да тазалық және абат жұмыстарынан қалыс қалмақ емес.

