Тазалық – ортақ міндет

Бүгін аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінің ұжымы мекеме аумағында сенбілік өткізіп, тазалық жұмыстарын жүргізді. Қызметкерлер аула ішін ретке келтіріп, жиналған қоқыстарды сыртқа шығарып, айналаны таза күйге жеткізді.

Сонымен қатар, мекеме маңын көркейту мақсатында қылқанжапырақты ағаш көшеттері отырғызылды. Жаңа егілген жасыл желек ғимараттың ажарын ашып, аулаға сән берді.

Ұжымның бірлескен еңбегі нәтижесінде мекеме аумағы жаңарып, көріктене түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.