Жамбыл спортшылары Қызылордада жарқ етті: бір турнирде бірнеше алтын!

25–27 наурыз аралығында Қызылорда қаласында таеквондодан республикалық турнир өтіп, елдің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар өзара мықтыны анықтады. Алайда бұл додада ерекше көзге түскендердің бірі – Жамбыл облысының жас спортшылары болды, деп хабарлайды baq-orda.kz

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

Жамбылдық таеквондошылар жарыс барысында жоғары дайындықтарын дәлелдеп, бірнеше салмақ дәрежесінде жүлделі орындарды иеленді. Әсіресе, алтын медаль жеңіп алған спортшылардың өнері көпшіліктің назарын аударды.

Жеңісқызы Жанерке (41 кг) – I орын

Арман Азиз (65 кг) – I орын

Күміс жүлдегерлер де намысты қолдан бермей, тартысты белдесулерде өз деңгейін көрсетті:

Жеңісұлы Абылай (26 кг)

Бахтияр Еркежан (28 кг)

Арман Абубәкір (42 кг)

Бөген Нұрәлі (36 кг)

Ал қола жүлде иегерлері де жарыстың көркін қыздырып, үздік үштіктен көрінді:

Доснияз Ариза (26 кг)

Асан Абылай (38 кг)

Доснияз Әмина (42 кг)

Бахтияр Ерсін (49 кг)

Leave A Reply

Your email address will not be published.