Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық беделді The National Interest басылымында жарияланған мақаласында еліміздің саяси дамуының жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Мемлекет басшысы бұл үдерісті ел болашағы үшін аса маңызды бетбұрыс ретінде бағалады.
Президенттің айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда ауқымды саяси реформалар жүзеге асырылып келеді. Бұл өзгерістердің басты мақсаты – әділетті, ашық және халыққа есеп беретін мемлекет қалыптастыру. Осы бағытта Конституциялық өзгерістер енгізіліп, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік нығайтылды.