Саяси трансформация: жаңа бағыт, жаңа міндет

Мемлекет басшысы «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты Қазақстанның саяси моделінің негізіне айналғанын атап өтті. Бұл жүйе мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, қоғам сенімін нығайтуға бағытталған.

Сондай-ақ, Президент экономикалық реформалар мен саяси жаңғыру үдерістері өзара тығыз байланысты екенін жеткізді. Елдің тұрақты дамуы үшін заң үстемдігі, әділдік және ашықтық қағидаттарын сақтау басты назарда екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз мақаласында Қазақстан халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастықты нығайта отырып, жаһандық сын-қатерлерге төтеп беруге дайын екенін жеткізді. Елдің басты мақсаты – тұрақты, әділетті әрі өркендеген мемлекет құру.

Leave A Reply

Your email address will not be published.