Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Аталған жоба аясында облыстың бес ауданында – Меркі, Жуалы, Т. Рысқұлов, Қордай және Мойынқұм өңірлерінде антенналық діңгек құрылысы бойынша 11 жоба іске асырылуда. Бұл – ауыл тұрғындарының интернетке қолжетімділігін арттырып қана қоймай, білім, медицина және мемлекеттік қызметтерге онлайн қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтеді.
2025 жылға жоспарланған 561 іс-шараның бүгінде 308-і толық орындалған. Ең маңыздысы – мерзімі өткен жобалар тіркелмеген. Бұл жобаларды басқару жүйесінің тиімділігін және нақты жоспарлау нәтижесін көрсетеді. Ал қалған 253 іс-шара 2026 жылға өтпелі жоба ретінде жалғасатын болады.
Цифрлық инфрақұрылымның дамуы өңір экономикасына да оң әсер етуде. Интернет сапасының артуы кәсіпкерлік қызметтің дамуына, онлайн сауда мен қызмет көрсету саласының кеңеюіне жол ашады. Сонымен қатар, ауыл жастары үшін жаңа білім алу мүмкіндіктері пайда болуда.