Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың университеттер жанынан технологиялық парктер құру және ғылымды өнеркәсіп саласына интеграциялау жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында іске асырылады. Diatomite зауыты – Satbayev University базасында жүзеге асырылып жатқан Technopark Stroytech ірі инновациялық жобасының құрамдас бөлігі.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауына ие болған жоба Satbayev University, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Металлургия және кен байыту институты, сондай-ақ индустриялық серіктес – «Savenergy» компаниясының қатысуымен жүзеге асырылады.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек атап өткендей, жобаның бірегейлігі ғылым мен бизнестің тиімді кооперациясында:
«Бұл жоба – университеттердің тек кадр даярлау орталығы ғана емес, сонымен қатар индустриялық дамудың драйверіне айналуының нақты үлгісі. Мұндай тәжірибені еліміздің барлық өңірінде кеңінен тарату жоспарланып отыр».
Жобаның негізгі ерекшелігі – жергілікті минералдық шикізат пен қайта өңделген өнеркәсіптік қалдықтарды пайдалану. Satbayev University профессоры-зерттеушісі Руслан Нұрлыбаевтың айтуынша, әзірленген технологиялар жаңа құрылыс материалдарын жасап қана қоймай, оларды өнеркәсіптік өндіріске сәтті енгізуге мүмкіндік берді. Осылайша, бұрын пайдаланылмаған қалдықтар құрылыс саласы үшін сұранысқа ие ресурсқа айналып, экологиялық жүктемені азайтуға және өндірістің экономикалық тиімділігін арттыруға ықпал етеді.