Ауыл балаларына үлкен мүмкіндік

 

🔹️2026 жылғы 8–10 сәуір аралығында ауыл мектептерінің 6-сынып оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының І кезеңі өткізілуде.

🔹️Аталған кезеңге Жамбыл ауданы бойынша барлығы 363 оқушы қатысып, өз білім деңгейлерін көрсетеді. Олимпиаданың негізгі мақсаты – ауыл мектептеріндегі дарынды оқушыларды анықтау, олардың зияткерлік қабілеттерін дамыту және білім алуға деген ынтасын арттыру болып табылады.

🔹️ОлимпиаданыңІ кезең барысында қатысушылар түрлі пәндер бойынша тапсырмалар орындап, логикалық ойлау, функционалдық сауаттылық және білімді тәжірибеде қолдану дағдылары бойынша бағаланатын болады.

🔹️Аталған білім сайысы – ауыл жастары үшін өз мүмкіндіктерін көрсетуге, болашақ жетістіктеріне жол ашуға бағытталған маңызды бастама.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.