Ғылым мен технология – ел дамуының басты бағыты

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым мен білімді дамыту, жаңа технологияларды игеру және жасанды интеллектті кеңінен енгізу – Қазақстанның бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде қалыптасуының негізгі алғышарты екенін атап өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде елдің өркендеуі ең алдымен ғылыми әлеуеттің артуымен тікелей байланысты екенін жеткізді.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылымды қолдау, зерттеу саласын жетілдіру және инновациялық технологияларды дамыту арқылы елдің жаңа даму кезеңіне қадам басатынын айтты. Жасанды интеллект пен заманауи технологияларды меңгеру – уақыт талабы әрі стратегиялық міндет екені ерекше аталды.

Бұл бастама елдің интеллектуалдық әлеуетін арттырып, Қазақстанды дамыған мемлекеттердің қатарына қосуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.