Мемлекеттің оңтүстік қақпасы сенімді қолда

ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасы құрамындағы «Айша бибі» шекаралық бақылау бөлімшесі – Қырғызстанмен шекарадағы маңызды өткізу бөлімшелерінің бірі. Мұнда күн-түн демей сарбаздар мен офицерлер мемлекеттік шекарадан өтетін адамдар мен көліктерді қатаң қадағалап, заңсыз өту әрекеттерінің жолын кеседі.

Бөлімшенің жұмысы аса жауапты әрі күрделі. Таң атпай шекара қақпасы ашылып, жүк көліктері мен жеңіл машиналар бірінен соң бірі қаз-қатар тізіледі. Құжат бақылаушылары жүргізушілер мен жолаушылардың төлқұжаттарын мұқият тексереді. Әр мөр, әр визалық белгі маңызды. Шекарадан өту – жай ғана рәсім емес, бұл – мемлекеттің қауіпсіздігіне жасалған қадам.

Құжаттарын тексеріп өткен көліктер арнайы алаңға бағытталады. Мұнда кинологиялық топ іске кіріседі. Қызметтік иттер көліктің ішін, жүк салғышын, жасырынқуыстарын түгел иіскеп шығады. Есірткі, қару, оқ-дәрі немесе басқа да тыйым салынған заттарды табуға машықтанған иттердің қырағылығы – шекара қызметінің сенімді көмекшісі. Кинолог мамандар итпен бірге әр көлікті сызбай қарап, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Жүк тиеген машиналарға ерекше назар аударылады. Бақылаушылар жүргізушінің құжаттары мен жүк тізімдерінсалыстырып тексереді. Құжаттағы әр тармақ пен нақты жүкті тізім бойынша ашып қарап шығады. Артық немесежасырын жүк байқалса – бірден хаттама толтырылып, тиістішаралар қолданылады. Бұлконтрабанданы болдырмаудың сенімді тәсілі.

Бөлімшеде көлікті тексеруге арналған арнайы алаңдар мен құрал-жабдықтар бар. Айна-құралдармен көліктің асты, қозғалтқыш бөлігі, қос қабырғасы түгел қаралады. Шекарашылар заңсыз жүк жасырылған күрделі қуыстарды да анықтауға машықтанған. Қырағылық пен тәжірибе – олардың басты қаруы.

Қызмет тәулігіне 24 сағат тоқтамайды. Кезекшіліктерауысыммен ұйымдастырылып, бақылау бөлімшесі үздіксіз жұмыс істейді. Әр нарядқа нақты тапсырма беріледі, офицерлер қызметтің ұйымдасқан тәртібін қатаң бақылайды. Наряд алдында міндеттерді түсіндіріп, нұсқау беріледі. Әскери қызметшілердің киім үлгісі, құрал-сайманы түгел тексеріледі. Бұл – тәртіптің белгісі.

Қызмет барысында түрлі жағдайлар кездеседі.Құжатсыз өтпек болған тұлғалар, жалған құжат көрсеткендер немесе жүк құрамын жасыратындар да табылады. Мұндай кезде шекарашылар заң талаптарынтүсіндіріп, хаттама толтырып, мәселені заң шеңберінде шешеді. Әңгімелесу, түсіндіру жұмысы да – олардың маңызды міндеті.

Бөлімшенің бастығы – майор Иманкулов ЕрасылСолтанбекұлы. Ол бөлімшенің күнделікті қызметін үйлестіріп, тәртіп пен жауапкершілікті басты назардаұстайды. Оның орынбасарлары – капитан ТолымбековАлександр Андреевич пен аға лейтенант Алпысов Әли Санатұлы өз бағыттары бойынша бақылау мен ұйымдастыру жұмыстарын тиянақты жүргізеді. Үш басшының өзара үйлесімді еңбегі мен талапшылдығы арқасында бөлімше жұмысы жоғары деңгейде орындалыпкеледі.

ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойыншадепартаментінің «Айша бибі» шекаралық бақылау бөлімшесі шекарашы сарбаздар мен офицерлердің қырағылығы мен адалдығы арқасында еліміздің шекарасы мызғымас күзетте тұр.

«ОС-ЧР» әскери журналисі

капитан А.А. Жексенбин

Суреттер бөлімше қорынан

Leave A Reply

Your email address will not be published.