2023 жылы Қазақстан Республикасының Президенті бастамасымен жүзеге аса бастаған «Сарбаз 2.0» бағдарламасы мерзімді әскери қызметін өтеген жастарға жоғары білімге емтихансыз, мемлекеттік грант негізінде түсуге зор мүмкіндік ашты. Бағдарлама жас буынды қолдауға, олардың білім алуына жағдай жасауға және әскери борышын өтеген сарбаздардың болашағына сенімді бағыт беру мақсатында жүзеге асырылуда.
Осы бастаманы іске асыру аясында 2026 жылдың 9 сәуір күні ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті, Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасының «Көктем-2025» шақырылым сарбаздарына салтанатты түрде сертификат беру рәсімі өтті.
Шара барысында жалпы 13 мерзімді әскери қызметшігеарнайы сертификат табысталды. Олардың ішінде:
Бұл сарбаздар төмендегі жоғары оқу орындарына оқуға түсуге мүмкіндік беретін сертификаттарға ие болды:
• Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясы;
• Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Академиясы;
• Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
• А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті;
• Мұхамеджан Тынышпаев атындағы университет;
• Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті;
• Тұран-Астана университеттері.
Салтанатты шараға Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасы бастығының орынбасары – тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің бастығы полковник Данияр Рамазанұлы Сарымсаков, сондай-ақ осы бөлімнің аға офицері лейтенант Әділхан Қалиманұлы Надырбаев қатысты. Сонымен қатар, ата-аналар атынан Жаппетекова Меруерт Оралбекқызы, сарбаздар атынан Телбасы Абылайхан құттықтау сөз сөйлеп, жас жауынгерлерге ақ жол тілеп, олардың жаңа өмір белесіне қадам басуына сәттілік тіледі.
Іс-шара жүрекжарды тілектер мен ризашылыққа толы түрде өтіп, сарбаздардың елге жасаған қызметі мен еңбегі ерекше атап өтілді. «Сарбаз 2.0» бағдарламасы – жастардың жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын, олардың білім мен мансапқа деген ынтасын арттыратын маңызды әлеуметтік жоба екені тағы да дәлелденді.
