Жамбылда «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі өтеді

2026 жылғы 25 сәуірде Жамбыл облысы, Талас ауданында «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі өтеді. Бұл іс-шара Жамбыл облысының Грейг қызғалдағының отаны ретінде әлемдік қауымдастыққа танытуға және өңірдегі биоалуантүрлілікті сақтау стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған.

Фестивальдің мақсаты – өңірдің туристік әлеуетін таныту, табиғи қызғалдақ ландшафттарын сақтау және оны өңір бренді ретінде дамыту. Іс-шараға отандық және шетелдік сарапшылар, ғалымдар, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Фестиваль барысында табиғи таза қымыздың дәмін татып, оның дайындалу әдістерімен танысу мақсатында «Қымызмұрындық» рәсімі, қолөнер көрмесі мен сауда жәрмеңкесі, түрлі ұлттық ойындар,концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.

Фестиваль аясында халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ерекше бастама – Нидерланд Корольдігінен Жамбыл облысына 40 000 дана қызғалдақ тұқымы сыйға тарту жоспарланып отыр. Бұл қызғалдақтар өңір аумағында отырғызылып, болашақта аймақтың табиғи келбетін көркейтуге және туристік тартымдылығын арттыруға үлес қосады.

Фестиваль өңірлік экономиканың дамуына, оның ішінде ішкі және халықаралық туризмді дамытуға, халықаралық мәдени, ғылыми байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

 

 

*В Жамбылской области пройдет международный фестиваль «Қызғалдақ мұра»*

 

25 апреля 2026 года в Таласском районе Жамбылской области состоится международный фестиваль «Қызғалдақ мұра».

Мероприятие направлено на позиционирование Жамбылской области в мировом сообществе как родины тюльпана Грейга, а также на реализацию стратегии сохранения биоразнообразия региона.

Цель фестиваля — продвижение туристического потенциала региона, сохранение природных ландшафтов с дикорастущими тюльпанами и формирование их в качестве регионального бренда. В мероприятии примут участие отечественные и зарубежные эксперты, ученые, а также представители международных организаций.

В рамках фестиваля предусмотрены церемония «Қымызмұрындық» с дегустацией натурального кумыса и ознакомлением с технологией его приготовления, выставка ремесел и торговая ярмарка, научно-познавательные экскурсии, национальные игры и концертные программы.

В рамках международного сотрудничества запланирована особая инициатива, передача в дар Жамбылской области 40 000 луковиц тюльпанов из Королевства Нидерландов. Они будут высажены на территории региона и в перспективе внесут вклад в улучшение его природного облика и повышение туристической привлекательности.

Фестиваль будет способствовать развитию региональной экономики, включая внутренний и международный туризм, а также укреплению международных культурных и научных связей.

Leave A Reply

Your email address will not be published.