Халықаралық “Шабыт” шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, “Алтын тобылғы” әдеби сыйлығының иегерімен колледж білімгерлері жүздесіп ақынның жауһар жырларын оқып, сүбелі сұқбат құрылды.
Хамит Есаман — әдебиет пен журналистика саласын қатар алып жүрген қаламгер. Оның шығармашылығы – қазақ әдебиетінің қазынасына қосылған айрықша үлес. Бұл кеш оның өрнекті жырларын ұлықтап, жаңа ұрпаққа таныстыру үшін тамаша мүмкіндік болды. Іс-шараны ұйымдастырған Абай кітапханасы қызметкерлері мұндай кездесулер жас оқырмандардың рухани дүниесін байытып, әдебиетке деген құштарлығын оятуға себепкер – дейді