«Геотехника» және «STEAM құрылыс материалдары мен конструкциялары» ғылыми зерттеу және сынақ зертханаларының ресми түрде ашылуы өтті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Жаңа зертханалардың лентасын оқу орнының Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев, «Қазақ сәулет және құрылыс ғылыми зерттеу институты» Оңтүстік Қазақстан филиалының директоры Мұхан Байтемиров және «Табыс жоба» ЖШС директоры Балғын Тұрлыбаева қиды.