Жаңа жыл мерекесі балалар үшін тағатсыздана күтетін сәт екені жасырын емес.
Әсіресе, Бесағаш ауылдық округінің бүлдіршіндері Жаңа жылдың соңғы аптасында тосын сыйлықтар келетініне үйреніп қалған секілді.
Йә, олардың көңіліне ауыл әкімі Бейбіт Нигматуллаев бірнеше жылдан бері қуаныш сыйлап келеді. Тек карантин шараларына байланысты өткен жылы шырша тіктеліп, концерт ұйымдастырылмай қалған. Биылда солай болғалы тұр.
Дегенмен бүлдіршіндердің ажарына жылулық сыйлауға әлемде ештеңе кедергі келтіре қоймас.
Апта аралығында Бейбіт Сұңғатұлы бастап, округтегі 26 бүлдіршіннің үйіне арнайы барып, мерекелерімен құттықтады.
Оларға әдеттегідей, сыйлықтар, тәттілер табыс етілді.