Әлемді жайлаған індет қоғамға қауіп төндіріп тұрғаны белгілі. Соның ішінде жасөспірімдердің жұқпалы дерт — коронавируске шалдығуы ата-аналарды алаңдатып қойған.
Жамбыл аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұрмахан Мәуленовтың мәліметіне сүйенсек, өңірге жеткізілген 2820 «Pfizer» вакцинасының 2645 дозасы аудан азаматтарына салынған. Оның ішінде 1976-сы 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге, 214-жүкті әйелдерге, 455-і бала емізетін аналарға егілген
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі