Бүгін Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр

Саммитке қатысушы делегация басшылары ЕХРО көрме орталығына келді.

 

Мәртебелі меймандарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

 

БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдармен бірге ұйымдастырылған диалог алаңының мақсаты – экожүйелерді, су және жер ресурстарын қорғау, қалпына келтіру әрі бірлесе пайдалану бойынша кешенді саясат пен тетіктерді қалыптастыру, Орталық Азия өңірінің биоалуантүрлілігін сақтау.

Leave A Reply

Your email address will not be published.