§Индустриялық аймақтарда жүзеге асырылып жатқан жобалар соның айғағы. Жалпы құны 157 млрд теңгені құрайтын 24 жоба іске асырылып, мыңдаған жаңа жұмыс орны құрылуда. Тек 2025 жылдың өзінде 13 жоба тартылып, өндірістік инфрақұрылым айтарлықтай кеңейді.
Сонымен қатар, инвестиция тартудың жаңа деңгейі қалыптасты. «Zhambyl Invest» құрылымы арқылы инвесторлармен 495 кездесу өткізіліп, 26 келісім жасалды. Нәтижесінде экспорттық келісімшарттар жүзеге асып, жергілікті өнімдердің сыртқы нарыққа шығуына жол ашылды.