Биыл облыста 71 канал жөнделеді. Нәтижесінде 50 мың гектарға жуық алқапқа су дер кезінде әрі ысырапсыз жеткізіледі. Бұған дейін диқандар тозығы жеткен арналар арқылы су алып келген. Енді Алдағы екі жылда егіс алқаптарына тіршілік нәрі бетондалған каналдармен жеткізіледі.

Байзақ ауданында қамыс пен қалың ажырық басқан каналдар тазаланып, кезең-кезеңімен бетондалып жатыр. Бұл маңда шаруашылық жүргізетін Данияр Нұрханов құрылыс жұмыстарының қарқын алғанына қуанышты. Ол жыл сайын 300 гектар алқапқа қант қызылшасы мен дәнді дақылдар егеді. Алайда бұған дейін Талас өзенінің суы ескі канал арқылы егістікке әрең жететін.

https://jambyltv.kz/kz/news/34190

Leave A Reply

Your email address will not be published.