Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас спортшылардың басын қосқан бұл сайыс сәуір айының 24-күні қорытындыланады. Биылғы жарысқа Қазақстанның 20 өңірінен 300-ге жуық оқушы қатысып, өзара бақ сынауда. Гимназиада бағдарламасына таеквандо, жүзу және жеңіл атлетика секілді спорт түрлері енгізіліп, қатысушылар өз шеберліктері мен дайындығын көрсетуде., деп хабарлайды baq-orda.kz.
Гимназиада — тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулитын, олардың бойында жігер, табандылық, тәртіп пен жеңіске деген құштарлықты қалыптастыратын маңызды алаң. Осындай ірі жарыстар арқылы оқушылар тәжірибе жинақтап, өзара достық қарым-қатынас орнатып, болашақта үлкен спортқа қадам басуға мүмкіндік алады.