Тараз төрінде ұлттық өнердің қадірін ұғынған көпшілікті тоғыстырған тағылымды кеш өтті.

Орталық «Баласағұн» концерт залында «Amanat» партиясының, облыс әкімдігі мен мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Жамбыл – менің атым, халық – менің шын атым» атты халықаралық айтыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

 

Айтыс шымылдығы жамбылдық Нұрлыбек Курманов пен Қырғызстаннан келген Нұрсұлтан Малдыбаевтың сөз сайысымен түрілді. Алғашқы сәттен-ақ көрермен тапқырлық пен суырыпсалмалыққа толы өнердің куәсі болды. Одан кейін сахнаға Мұхтар Қонарбаев пен алматылық Сулужан Таубалдиева көтеріліп, әсерлі айтыс өрнегін көрсетті. Әсіресе М. Қонарбаевтың «Бұл Тараздың өлшемі – тереңдік» деген ойлы жолы көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.