Қаланың көріктенуі мен экологиялық ахуалын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жолға қойылған, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Кәсіпорын қарамағында жалпы аумағы 3 500 шаршы метрді құрайтын 8 жылыжай кешені жұмыс істейді. Мұнда жыл сайын қала аумағын көгалдандыруға қажетті гүл көшеттері өсіріліп, толық циклді өндіріс жүзеге асырылады. Биылғы маусымда шамамен 1 000 000 (бір миллион) түп жаздық гүл өсіріліп, қала көшелері мен қоғамдық кеңістіктерге отырғызу жоспарланған.