БАҚЫТЖАН — «ӘУЛИЕАТА-2021» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫН ИЕЛЕНДІ

Жыл сайын ұйымдастырылатын «Әулиеата үміті» жастар сыйлығы биыл да жоғары дәрежеде өтті. Тараз қаласында өткен байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылған түрлі саланың азаматтарын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев марапаттап, құрмет көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша «Ең жас мемлекеттік қызметші» номинацияның жеңімпазы Жамбыл ауданы әкімдігі ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы Бақыт Құтжан атанды.

Бақытжан Райымбекұлы жұмыста тиянақтылығымен, іскерлігімен, жаңашыл идеяларымен танылған азамат.
Құтты болсын!

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.