Жамбыл облысында екінші мәрте ұйымдастырылған «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі жоғары деңгейде өтті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Талас ауданының Есейхан ауылында өткен ауқымды шараға 6 мыңға жуық адам жиналды. Олардың қатарында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ шетелдік туристер, халықаралық сарапшылар, биологтар мен табиғат жанашырлары болды.