Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді, онда Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде экономиканы қолдау және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы қаралды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2026 жылғы 1 тоқсандағы өндірістік және қаржылық көрсеткіштеріне назар аударылды. Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов есепті кезеңдегі кірістің 8%-ға, таза пайданың 93%-ға ұлғайғаны туралы хабарлады. Негізгі өндірістік көрсеткіштер бойынша жоспар орындалды.