Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Президент игі бастамаға 800 мыңға жуық волонтердің қатысқанын ерекше атап өтті. Бұл – қоғамның экологиялық мәселелерге бейжай қарамайтынын көрсететін маңызды көрсеткіш. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қазіргі таңда әлемде қоршаған ортаның ластануы мен климаттың өзгеруі өзекті сын-қатерлердің біріне айналғанын жеткізді. Оның сөзінше, экологиялық қауіпсіздік бүгінде ұлттық қауіпсіздік деңгейіндегі маңызды мәселеге айналып отыр.
Сондай-ақ, халықаралық деңгейде де бұл мәселеге ерекше назар аударылып келеді. Осы орайда, жуырда Астанада Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында өткен өңірлік экологиялық саммиттің маңызы зор болды. Ауқымды жиын барысында эковолонтерлік, ресурстарды үнемдеу және тұрақты даму бағытындағы өзекті тақырыптар кеңінен талқыланды.
Президент атап өткендей, экология мәселесін бірде-бір ел жеке дара шеше алмайды. Бұл – бірлескен күш-жігерді талап ететін күрделі әрі жауапты міндет. Сондықтан дипломатия, ғылым, бизнес, қоғам және волонтерлік қозғалыс өкілдерін, әсіресе белсенді жастарды жұмылдыру аса маңызды.