Қостанай өңірі еліміздің цифрлық трансформациясындағы жетекші орталықтардың біріне айналғанын «QOSTANAI TECH» ауқымды фестивалі айқын көрсетті. 10 мыңнан астам қатысушыны біріктірген бұл іс-шара қала кеңістігін толыққанды технологиялық алаңға айналдырып, өнеркәсіп, ғылым, білім және IT салаларының тоғысу нүктесіне айналды, деп хабарлайды

Фестивальдің ашылуында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов цифрландыру мен жасанды интеллект өңір экономикасының негізгі даму бағыты екенін атап өтті. Бүгінде облыс өңдеу өнеркәсібі бойынша елде 4-орында, ал экономиканың 70 пайыздан астамы осы секторға тиесілі. Өндірісте 145 өнеркәсіптік робот жұмыс істеп, цифрлық басқару және жасанды интеллект элементтері кеңінен енгізілуде.

 

Аграрлық салада да ауқымды цифрлық өзгерістер жүзеге асқан: егістіктің 100 пайызы, жайылымдардың 90 пайызы және шабындықтардың 95 пайызы цифрландырылған. Нәтижесінде шығын 40 пайызға азайып, өнімділік 30 пайызға артқан, ал өндірістік шығындар 15 пайызға қысқарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.